Токио БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуге үндеді

448

Оған Солтүстік Корея тарапынан өскен қауіп түрткі болды.  

Токио БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуге үндеді Фото: РБК

Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида Токио Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Солтүстік Корея 18 және 20 ақпанда Жапонияға баллистикалық зымырандарды ұшырды. Сондықтан қазір біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұраймыз", - деді Кисида.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик Антонио Гутерриш Солтүстік Кореяның тағы бір зымыран ұшыруын айыптап, Пхеньянды арандатушылық әрекеттерден бас тартуға шақырды деп мәлімдеді.

Бұған дейін Жапонияның қорғаныс Министрлігі Корея Халықтық Демократиялық Республикасы 20 ақпанда Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея 18 ақпанда құрлықаралық баллистикалық зымыранды (ICBM) сынағанын растады. Кореяның мемлекеттік орталық ақпарат агенттігі Хвасон-15 құрлықаралық баллистикалық зымыранын көшбасшы Ким Чен Ынның жазбаша бұйрығымен ұшырылғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу