Токио Олимпиадасы: Ералы Тоғжанов МСМ-ге тапсырма берді

1013

2021 жылы Олимпиада ойындары Жапонияның Токио қаласында 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.  

Токио Олимпиадасы: Ералы Тоғжанов МСМ-ге тапсырма берді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Токио Олимпиадасына қатысты мәдениет және спорт министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар дайын екенін жеткізді.

"2021 жылдағы негізгі міндет – Олимпиада ойындарына қатысу. Менің ойымша, бұл спорттық шара өтуі керек. Халықаралық Олипиада комитетінің мәліметінше, ойындар 23 шілде басталуы қажет. Ұлттық Олимпиада комитетімен байланыстамыз. Командалар дайын", - деді ол мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы орайда Ералы Тоғжанов басшыларға тапсырма берді.

"Биыл шілде-тамыз аралығында Токиода жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Жапониядағы нәтиже 2016 жылдағы ойындардан төмен болмауға тиіс. Бүгінде жоспарланған 104 лицензияның 43-іне ғана қол жеткіздік. Жоспарды орындауға міндеттіміз",  деді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол дүбірлі дода біткесін министрліктің жұмысына баға берілетінін ескертті.

"Олимпиаданың қорытындысы бойынша мәдениет және спорт министрлігінің жұмысына нақты баға беріледі. Ал Олимпиадаға дайындық барысын арнайы талқылаймыз", – деді Тоғжанов. 

Айта кетейік, 2021 жылы Олимпиада ойындары Жапонияның Токио қаласында 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. 

Еске салайық, 2016 жылы жазғы Олимпиада 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтті. Жарыста 104 қазақстандық спортшы  бақ сынады. Нәтижесінде Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және 9 қола жүлдемен жалпы есепте 22-орынды иеленді.

Осыған дейін Қазақстан Олимпиада ойындарында мұнша көп медаль алмаған.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу