Токио Олимпиадасының жоспары орындалған жоқ

907

Қазақстан ұлттық құрамасына әлі 76 лицензия қажет. 

Токио Олимпиадасының жоспары орындалған жоқ

Биыл Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бүгінге дейін спорттың 15 түрінен 29 лицензия жеңіп алды. 

Алда 3 әлем чемпионаты, 19 Азия және 18 әлем біріншілігі бар. Жоспар бойынша спортшылар 32 спорт түрінен 105 лицензия алуға тиіс. 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, мемлекет ұлттық құраманың спортшыларына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. 

"Әзірше  спорттың 15 түрінен 29 лицензия бар. Жоспарға жетіп, лицензиялардың санын арттыру үшін алдағы жарыстарда ұлттық құраманың спортшылары жоғары нәтиже көрсетулері керек", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу