Токио Ресейден келетін мұнай өнімдерінің бағасын шектеуге қосылды

358

Жапония билігі Токио Ресейден келетін мұнай өнімдерінің шекті бағасын құптады.  

Токио Ресейден келетін мұнай өнімдерінің бағасын шектеуге қосылды Фото: img7.eadaily.com

Бұл туралы inbusiness.kz Жапония СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімдемеге сәйкес, теңіз арқылы тасымалданатын ресейлік мұнай өнімдерінің санатына байланысты барреліне 100$ және 45$ мөлшерінде баға шектеулері белгіленеді.

Жапония сыртқы саясат ведомствосының мәліметі бойынша, шектеу шарасы 6 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Жапондық тарап жариялаған шектеулер 5 ақпанда Еуропалық одақ бекіткен шараларға сәйкес келеді.

ЕО 4 ақпанда Киевте санкциялардың 10-шы пакетін енгізіп, шекті бағаны белгілегенін еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу