Токиодағы өрт: ұшақтың бес экипаж мүшесі қаза тапты

371

Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады. 

Токиодағы өрт: ұшақтың бес экипаж мүшесі қаза тапты Фото: reuters.com

Көлік ұшағы мен JAL лайнерінің соқтығысуы салдарынан көлік ұшағының бес экипаж мүшесі опат болды, деп жазады inbusiness.kz сайты NHK телеарнасына сілтеме жасап.

"Көлік ұшағының бес экипаж мүшесі қаза тапты", — делінген телеарнаның материалында.

Елдің жағалау күзетінің мәліметі бойынша, өртеніп жатқан ұшақтан эвакуациялауға мүмкіндік алған DHC-8 ұшқышының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Токио қаласындағы "Haneda" әуежайында Japan Airlines ұшағының өртенгенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу