Токсикоздан емдейміз деп мүгедек қылған: Жамбыл облысында жүкті әйелдің ісі сотта қаралды

410

Сот аудандық аурухананы пациентке 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.  

Токсикоздан емдейміз деп мүгедек қылған: Жамбыл облысында жүкті әйелдің ісі сотта қаралды Фото: americanpregnancy.org

Медицина қызметкерлері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардан кейін әйелдің жүктілігі тоқтатылып, оған ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны жүктіліктің 10-аптасында аудандық ауруханада "ерте токсикоз" диагнозымен емделген.

Тергеу мәліметінше, оған медициналық көмек толық көлемде және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілмеген. Ауруханадан мерзімінен бұрын шығарылғаннан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ол жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Онда медициналық көрсеткіштер бойынша дәрігерлер жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдаған. Кейінірек оған ІІІ топтағы мүгедектік белгіленген.

Медициналық мекемені тексергеннен кейін медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медицина ұйымы тарапынан келесі заңбұзушылықтарды анықтады:

  • клиникалық хаттамалардың сақталмауы;
  • тексерулер мен емдеудің жеткіліксіз көлемі;
  • бейінді мамандар консультациясының болмауы;
  • медициналық құжаттаманың тиісінше жүргізілмеуі.

Нәтижесінде аурухана әкімшілік жауапкершілікке, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сот заңбұзушылықтар мен пациенттің жағдайының нашарлауы арасында тікелей байланыс бар деген қорытындыға келіп, келтірілген зиянды өтеу туралы талапты негізді деп таныған.

Қорытындысында ауруханадан пациенттің пайдасына келесі сомалар өндірілді:

  • материалдық шығын үшін 246 мың теңге;
  • 5 миллион теңге – моральдық зиян өтемақысы;
  • 300 мың теңге – өкілдің шығындары.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу