Төлем карталарын пайдаланушылар саны 52,3%-ға артты

694

Елімізде айналымда 38,8 млн карта бар. 

Төлем карталарын пайдаланушылар саны 52,3%-ға артты

Биылғы жылдың маусым айындағы жағдай бойынша елімізде 38,8 млн төлем картасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 54,7%-ға жоғары. 2019 жылдың маусымында айналымда 25,1 млн карта болатын, деп хабарлады ranking.kz.

Осылайша төлем карталарын пайдаланушылар саны 52,3%-ға артып, 33,2 млн адамды құрады. Бұл төлем жүйелерінің барлығы 22 банкке және "Қазпошта" АҚ-ға тиесілі.  Олар халықаралық және жергілікті жүйедегі карталар шығарып, таратумен айналысады. 

Бұл ретте ең көп таралғаны дебеттік түрі. Оның жалпы үлесі айналымдағы карталардың 79,6%-ын құрайды (30,9 млн дана). Ал несие карталарының үлесі 17,0% (6,6 млн дана). 

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында төлем карталары арқылы 16 трлн теңгеге транзакция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінен 53,9%-ға жоғары. 2019 жылы бұл уақытта транзакциялар көлемі 73,2%-ға артқан еді.  

Жалпы елімізде карталар нарығы тұрақты дамып келеді. Сондай-ақ қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі де дамып келеді. POS-терминалдар саны артып,  банкоматтар мен бірден төлем қабылдайтын терминалдар да көбеюде.  2020 жылдың наурыз айының соңындағы көрсеткіштер бойынша елімізде 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда нүктесінде 160,7 мың POS-терминал орнатқан. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда POS-терминалдар саны 15,7%-ға артты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу