banner

Төлем жүйелері арқылы шамамен 800 трлн теңгеге қолма-қол емес төлемдер жүргізілді

Орташа есеппен минутына шамамен 5 млрд теңгеге төлемдер өңделеді.  

Төлем жүйелері арқылы шамамен 800 трлн теңгеге қолма-қол емес төлемдер жүргізілді Фото: Halyq Uni

Қазақстан Ұлттық Банкі Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесінің операторы болып табылады. 

ҚҰБ-тың осы төлем жүйелері ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

"2022 жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 897,5 трлн теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық Банктің Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйелері арқылы 787,2 трлн теңге немесе осы көлемнің 87,7%-ы өткізілді", – деп жазылған хабарламада. 

Операциялық күн ішінде Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесінің ұлттық төлем жүйелеріне түсетін орташа жүктеме күніне 3,2 трлн теңге сомасына 266,4 мың төлемді құрайды. 

Орташа есеппен минутына ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 4,9 млрд теңгеге операциялар жүргізіледі. 

Операциялардың ең көп саны осы жүйелерде сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өңделеді.
2022 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,85% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асып түсіп, ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу