Төленуге тиісті салық бар екенін SMS арқылы еске салып отырады

1429

Жеке тұлғаларға "Kaspi Bank" АҚ мобильді қосымшасы арқылы да хабарламалар жіберу жоспарлануда.

Төленуге тиісті салық бар екенін SMS арқылы еске салып отырады

Бүгіннен бастап салық төлеушілер мүлік, жер және көлік құралдары бойынша салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады, деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді қазақстандықтардың төлеуге тиісті салығы бар екендігін ұмытпайды,  себебі олардың ұялы телефондарына салық сомасы туралы SMS-хабарламалар келіп, еске салатын болады. Бұл ескертулерді алу үшін азаматтар электрондық үкіметтің egov.kz порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильді базасында нөмірін тіркеу қажет. egov.kz электронды үкімет порталының "Қызметтер" бөліміндегі мобильді азаматтар деректер базасында тіркеуде бар жоғыңызды тексере аласыз.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға "Kaspi Bank" АҚ мобильді қосымшасы арқылы да хабарламалар жіберу жоспарлануда.

Айта кетсек, жеке тұлғалар салықты басқа жолмен де төлей алады. Олар: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолдана отырып немесе ҚРқаржы министрлігінің МКК сайтындағы электронды қызметтерді пайдалану арқылы төлем жүргізу мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу