Төмен көміртекті даму стратегиясы жобасына қанша қаржы тартылды?

1591

Шетелдік маман ақша қалай пайдаланылуы керек екенін айтты.

Төмен көміртекті даму стратегиясы жобасына қанша қаржы тартылды?

Париж келісімі бойынша Қазақстан парниктік газ шығарындыларын 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендетуге тиіс. Төмен көміртекті даму стратегиясы қабылданбаса, бұл міндет орындалмайды. 

GIZ Орталық Азия мен Қазақстандағы жасыл экономиканы қолдау жобасының жетекшісі, доктор Йоханнес Шуман елорда да өткен семинарда осылай деді. 
Ол экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның  2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу арқылы 
жасыл экономикаға қадам басуды көздеп отырғанын атап өтті. 

"Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін жылу-электр станциялары атмосфераға 940 мың, тау-кен металлургия секторы 760 мың, мұнай өндіру саласы 520 мың, көлік пен ауыл шаруашылығы саласы 320 мың тонна қалдық лақтырады. Парниктік газ шығарындыларының көлемін төмендету озон қабатын жаралаудың алдын алу керек. Бұл үшін Қазақстанға төмен көміртекті даму стратегиясы қажет", – деді Йоханнес Шуман.

Оның айтуынша, Қазақстан төмен көміртекті дамуға көшу арқылы 
жаңартылатын және баламалы қуат көздерін дамытады. 

"Қазақстан биыл 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеп, қабылдап үлгерсе, парниктік газ шығарындыларын азайтуға ықпал етіп, 2030 жылға дейін Париж келісімінің шарттарын орындауға мүмкіндік алады. Төмен көміртекті даму стратегиясы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне кірігіп кетуі тиіс. Қазақстан бұл жобаға Еуропа қайта құру және даму банкінің 480 млн еуро мөлшеріндегі қаражатын, сонымен қатар Жасыл климат қорының 110 млн еуро мөлшеріндегі қаражатын тартты. Бұл ақша мақсатты түрде және тиімді пайдаланылуы керек", – деді Йоханнес Шуман.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу