UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде жеңіс тұғырынан көрінген арнайы жасақ Астанаға оралды

407

Турнирде салмағы 120 келілік дөңгелікті көтерген қыздар жасағы көпшілікті таңғалдырды.  

UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде жеңіс тұғырынан көрінген арнайы жасақ Астанаға оралды Фото: polisia.kz

Жаһандық жауынгерлер жарысының жеңімпаздары елге оралып, қыздар құрамасына да құрмет көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Tomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетті.

Команда физикалық, тактикалық әрі психологиялық даярлықтың мықтылығын дәлелдеп, әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл – олардың тыңғылықты дайындығы мен темірдей тәртібінің, үйлесімді іс-қимылының нақты айғағы.

Tomiris құрамасының табысы – жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Бұл – жеңіс гендерлік ерекшелікке қарамастан, жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен жоғары жауынгерлік дайындығының айқын дәлелі.

Айта кетейік, дүбірлі додаға 48 елден 109 команда жиналған. Біздің тараптан 5 құрама барып, барлығы үздік жиырмалықтың қатарына енді. Қазақстан С – 1-орын алса, Қазақстан А – 2-орын иеленді.

Ал Қазақстан В – 8-орын, Қазақстан D – 20-орынға жайғасты. Бұл – сөзсіз тарихи жетістік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу