Төрт әуежайға ұшаққа бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен

796

Бұндай ақпарат Қазақстанның төрт әуежайына келіп түсті. Бұл туралы еліміздің лаңкестікке қарсы орталығы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Төрт әуежайға ұшаққа бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен

"Сәуірдің 8-інен 9-на қараған түні Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалаларының әуежайларының ақпараттық қызметтері мен электронды мекенжайларына белгісіз біреулерден Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе кемесінің бортында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті.  Оқиға орнына алғашқы жедел-құтқару жасақтары жіберілді. Тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады", – делінген орталық хабарламасында.

Анонимді қоңыраулар мен анықталған электронды мекенжайлар бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жалған хабарламаның авторын анықтауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу