Төрт банкке 410 миллиард теңге бөлінеді

1015

Төрт банкке 410 миллиард теңге бөлінеді

Ұлттық банк екінші деңгейлі банк секторын сауықтыруға, несиелендіруді қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны қолға алды, деп хабарлайды elorda.info.
Қазір экономиканы несиелендіруді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк қаржылай көмек беру бағдарламасын бастады. 
"Төрт банктің өтінімін қанағаттандырдық, АТФ банк, Цеснабанк, Еуразия банкі және Банк Центр кредитке 410 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді", – деді  Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық банктің соңғы мәліметінше, несие нарығы біртіндеп қалыпқа келуде. Қыркүйек соңындағы көрсеткіш бойынша банктер экономикаға 1322,5 млрд теңге көлемінде несие берген. Оның ішінде ұзақ мерзімді несие 11107,6 млрд теңгені, қысқа мерзімді несие көлемі 2115,0 млрд теңгені құрап отыр. Алайда шағын кәсіпкерлікке берілетін несиелер көрсеткіші сәл-сәл (0,4%) төмендеген. Сала бойынша банктердің экономикаға берген кредиттерінің ең қомақты бөлігі саудаға (18%) тиесілі, одан кейінгі кезекте өнеркәсіп (14.3%), құрылыс (7.5%), ауыл шаруашылығы (5.9%) мақсаттарына және көлік алуға несие беру (4,5%) белсенді екені байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу