Төрт тәулік бойы жанған "Қаламқас" кен орнындағы өрт сөндірілді

721

Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Төрт тәулік бойы жанған "Қаламқас" кен орнындағы өрт сөндірілді

"Қаламқас" кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбекке сілтеме жасап.

"28 наурызда 01:05-те "Қаламқас" кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді", –  деп хабарлады ол.

Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Еске салайық, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ-ның "Қаламқас" мұнай-газ кен орнында "Си Бу" инженерлік бұрғылау компаниясы" ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне "Қаламқас" кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу