Төрт түлікке жалған құжат жасатқан ветеринарлық пункт жауапқа тартылды

215

Қостанай облысында 727 бас ұсақ малға егу жұмысы жүргізілді деп жалған құжат жасатқан ветеринарлық пункт жауапқа тартылды.  

Төрт түлікке жалған құжат жасатқан ветеринарлық пункт жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Алайда, бірде-бір үй жануарына вакцинация жасалмақ түгілі ешқандай мал басы болмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Жітіқара ауданында да бір азамат ірі қараны өз кәдесіне жаратып, ақпараттық базада бұл түлікке түрлі ауруға қарсы 10-нан астам зерттеу жүргізілді деп көрсеткен. Жалған вакцинация фактілері Қостанай мен Лисаков қаласында және төрт бірдей ауданда анықталды.

15 қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу