Төрт жоғарғы оқу орны мен 29 колледж жабылады

789

Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты.

Төрт жоғарғы оқу орны мен 29 колледж жабылады

"61 жоғары оқу орнының 500 бағыттары бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2 200 бағыттының лицензиялары қайтарып алынды. Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Мысалы педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер – 72-ден 61-ге дейін кеміген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу