Total мен CNPC газ кен орындарын игеру жөнінде Иранмен келісімге қол қояды

1019

 Total мен CNPC газ кен орындарын игеру жөнінде Иранмен келісімге қол қояды

Француздың Total мұнайгаз компаниясы  мен  Қытайдың мемлекеттік China National Petroleum Corp (CNPC) мұнай компаниясы  Иранмен келісімге қол қоймақшы. Бұл санкциялар алынып тасталғалы бері газ кен орындарын игеру жөніндегі алғашқы келісімшарт болғалы тұр, деп жазады Financial Times-ке сілтеме жасап "ТАСС".

Иранның мұнай министрлігіне сілтеме жасаған басылымның айтуынша, Оңтүстік Парс кен орнын игеруді көздейтін келісімшартқа 8 қарашада қол қойылады. Total-дың мәмілесінің арқасында, CNPC мен Petropars бірлесіп Оңтүстік Парс кен орнын игеретін консорциум құрмақшы.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда БҰҰ, АҚШ және Еуроодақ Иранға оның ядролық бағдарламасына байланысты салынған экономикалық және қаржылық шектеулерді алып тастаған болатын. Санкциялар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Теһранның 2015 жылғы 14 шілдеде қол қойылған  Бірлескен ауқымды іс-шаралар жоспарына сәйкес мойнына алған міндеттемелерді орындағанын растаған соң  алынды.  Сәуірде Total басшысы Патрик Пуянне мұнайгаз компаниясының Иранға қайта оралу ниетін растаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу