ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Беларусь Республикасына жұмыс сапары аясында министр Мұрат Мұханов бастаған делегация Беларусь атом электр станциясына барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БелАЭС басшылығы станцияның жұмысы, қауіпсіздік жүйелері және жедел персоналды даярлау туралы ақпарат ұсынды. Делегация өндірістік алаңмен, ақпараттық орталықпен және толық ауқымды тренажермен танысты.
Тренажер энергоблоктың әртүрлі жұмыс режимдерін модельдеуге және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде персоналдың іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік береді.
Сапар барысында БелАЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ТЖМ бөлімшесіне барып, қызмет атқаруды ұйымдастыру, мониторинг және хабарлау жүйелері, штаттан тыс жағдайларға ден қою тәртібі, сондай-ақ құтқарушылардың станцияның жедел персоналымен өзара іс-қимылы қаралды.