Төтенше жағдайға байланысты банк жұмысында шектеулер болуы мүмкін – Halyk Bank

731

 Кейбір өңірлерде банк бөлімшелері мен банкоматтар жұмыс істемеуі ықтимал.

Төтенше жағдайға байланысты банк жұмысында шектеулер болуы мүмкін – Halyk Bank

Интернет желісіндегі іркілістерге байланысты мобильді қосымшалар, POS-терминалдардың жұмысы тұрақсыз, деп хабарлайды inbussines.kz.

Halyk Bank мәліметінше, банктің барлық жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Оның ішінде банкоматтар, жеке тұлғаларға арналған Halyk Homebank қосымшасы, заңды тұлғаларға арналған Onlinebank қосымшасы бар. Алайда интернет желісіндегі іркілістерге байланысты мобильді қосымшалар, POS-терминалдардың жұмысы тұрақсыз.

"Бірқатар өңірде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты банк бөлімшелері мен банкоматтардың жұмысында шектеулер болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып алуға болады: Жеке тұлғалар үшін – 7111 Заңды тұлғалар үшін – 9595. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу