Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

739

Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Өткен екі күнде рұқсат етілмеген жерлерде шомылу салдарынан 11 адам, оның ішінде 3 ересек, 8 бала суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Суға кетудің негізгі себептері: рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау, шамасы жетпеген жерге дейін жүзіп бару, балаларды судың жанында қараусыз қалдыру, балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.

"Азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз", - деп мәлімдеді ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу