Төтенше жағдайлар министрі ант берді

434

Үкімет отырысы Президент Жарлығымен тағайындалған Төтенше жағдайлар министрінің ант беру рәсімінен басталды. 

Төтенше жағдайлар министрі ант берді Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ант берді.

"Өздеріңіз білетіндей, Сырым Дүйсенғазыұлы өткен апта бойы Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстарының басы-қасында болды. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, Үкіметтің жаңа мүшесінің ант беруін сұраймын", - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісінде барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттік Конституцияның заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрдің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік 10 маусым күні Сырым Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу