Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады

413

Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлікке тұрғындардың амандығын қамтамасыз етіп, Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.  

Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарын Президентке баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деді Шыңғыс Әрінов.

Президент қала әкімі Ерболат Досаевқа да жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу