Төтенше жағдайлар министрлігі терек мамығының өрт қаупі туралы ескертті

363

Мамандардың сөзінше, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласуы мүмкін.      

Төтенше жағдайлар министрлігі терек мамығының өрт қаупі туралы ескертті Фото: Egemen.kz

Төтеншеліктер терек мамығының өрт қаупін арттыратынын еске салып, азаматтарды сақ болуға шақырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады. Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік мамықты өртеу ерекше қауіп төндіретінін атап өтті. Әсіресе балалар оны ойын ретінде қабылдап, салдарынан өрттің тез таралу қаупі жоғарылайды. Мұндай жағдайларда тілсіз жау көліктерге, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері біреудің терек мамығын өртеп жатқанын көрген жағдайда оны назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Сондай-ақ ата-аналарға балаларға "отпен ойнаудың" қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру ұсынылды.

Ведомство тұрғындарға жиналған мамықты уақытылы тазалап, үстіне су себуге, бірақ өртемеуге кеңес берді. Сонымен қатар құрғақ жерлер мен мамықтың маңында темекі шекпеу және от жақпау қажеттігі ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу