Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жаңа туған нәрестені құтқарып қалды

535

Кішкентай шақалақ дүниеге кеше келген.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жаңа туған нәрестені құтқарып қалды Фото: Видеодан скриншот

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" экипажы Қызылорда – Жаңақорған – Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісімен жаңа туған қыз баланы тасымалдау бойынша рейс орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшу медициналық бригаданың қатысуымен жүзеге асырылды. Экипаждың ұшуын әуе кемесінің командирі Назель Нұрғалиева басқарды, екінші ұшқыш – Бейсенғали Тоғызбаев.

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында пациент мамандандырылған медициналық мекемеге сәтті жеткізіліп, дәрігерлердің қолына табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу