Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

390

Бұл туралы тиісті шешімді ТЖ министрі Юрий Ильин қабылдады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Руслан Иманқұлов ҚР ТЖ министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Р. Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары.

ТЖ министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастады. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.

Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Р. Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу