Төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі жаңа талаптар бекітілді

202

Бұл құжат азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі жаңа талаптар бекітілді Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекітіп, әділет органдарында тіркеді.

Талаптарды қабылдау 2024 жылғы 4 сәуірде өткен су тасқыны жағдайы бойынша жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа құжат орталық және жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізудегі жауапкершілігін бекітеді.

Талаптардың бекітілуі төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне жүйелі түрде қарауға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін нақты айқындауға және елдің табиғи және техногендік қатерлерге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Талаптар қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ережелерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі үздік тәжірибелер мен тәсілдерді ескере отырып әзірленді. Құжатта су тасқынының, селдің, сырғыманың, қар көшкінінің, жер сілкіністерінің, өрттердің, қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты шаралар көзделген.

Жаңа Талаптарды қабылдау орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтық қорғау іс-шараларын орындау сапасын арттырады және олардың орындалуына бақылауды күшейтеді. Талаптар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу