Toyota электромобильдері сатылымда өтпей жатыр

562

Toyota Motor автокөлік алыбы өзінің электромобильдерін сатуда үлкен қиындықтарға тап болды. 

Toyota электромобильдері сатылымда өтпей жатыр

Оларды сату бойынша компания мақсат еткен көрсеткіштер екі жылдан бері үмітті ақтамай келеді. Бұл туралы бүгін Inbusiness.kz Financial Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газет Kinto лизингтік компаниясының мәліметтерін келтіреді, оған сәйкес 2022 жылдың мамырында Toyota-ның алғашқы bZ4X электр көлігі дөңгелектері дұрыс болмауына байланысты сатылым басталғаннан бірнеше апта өтер-өтпестен алынып тасталды. Өндіріс тек қазан айында қайта жанданды.

"Компания тарихында алғаш рет сату басталғаннан кейін бірден өнім қайтарып алынды. Toyota бұрын-соңды болмаған қиын жағдайға тап болды", - деп хабарлайды Kinto Президенті Синъя Котэра сөзіне сілтеме жасап. 

Ол компания Жапония аумағында жыл сайын 5 мың электромобиль сату мақсатына "бірінші жылы да, келесі жылы да" қол жеткізілмейтінін атап өтті. Сатуды ынталандыру мақсатында Kinto көлікке тапсырыс беру кезінде біржолғы жарнаны екі есе азайтуға мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу