Өзі мінген трактор өзін басып қалды: Ал жұмыс берушіден хабар жоқ

790

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзі мінген трактор өзін басып қалды: Ал жұмыс берушіден хабар жоқ Фото: Instagram/nayza_kokshe

Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізуші ауыр техниканың астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға Зеренді ауданында, Елікті ауылының маңында болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетерлігі, жол-көлік оқиғасы 14 қарашада болған. К-700 тракторы аударылып, кабинада отырған жүргізушіні басып қалған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазір полиция апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ал Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы әзірге хабарлама түспеген.

Ведомство мәліметінше, жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар оған тиісті хабарлама жолдау жөнінде нұсқама беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу