Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысады

614

Бұл қадамы кейбір партияластарына кесел келтіруі мүмкін. 

Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап. 

"Бұны мен қалап отырмын деп айта алмаймын. Елге қажет. Біз елімізге қамқорлық жасауымыз керек. Әрдайым қарсыластармен күрес жүргізу оңай нәрсе емес", – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті ешқашан 2024 жылы президенттік сайлауға қатысатынын жария етпеді. Оның кейбір партияластарының ойынша, Трамп мұндай қадамға барса,ол мемлекеттік саяси додаларға қатысатын республикашыл үміткерлерге кесел келтіріп және 6 қаңтарда Капитолийде болған тәртіпсіздіктер туралы пікірталастар қайта басталуы мүмкін.

Бұған дейін Трамп 2020 жылғы сайлауды "ғасыр қылмысы" деп атаған еді. "Менің ойымша, қараша айында болған оқиға – ғасыр қылмысы. Себебі қазір шекарада дағдарыс белең алды. 3 қарашада масқара болды...", – деп басып айтты экс-президент.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу