Трамп 47 мың картадан тұратын жаңа NFT топтамасын шығарады

420

Осы жолы бейсбол картасы форматындағы токендер жасалды.

Трамп 47 мың картадан тұратын жаңа NFT топтамасын шығарады Фото: google

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп екінші тақырыптық NFT топтамасының іске қосылғанын жариялады. Барлығы 47 мың токеннен тұратын топтамада Трамптың бейнесі әрқилы бейнеленген, деп хабарлайды inbusiness.kz incrypted.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Атышулы саясаткердің алғашқы жинағы өткен жылдың желтоқсан айында шыққан. Бірер мәселелерді ескермесек, жоба өте сәтті өтті деуге болады.

Ал соңғы сот істерінен кейін NFT-ге деген сұраныс арта түсті. Жалпы алғанда, Трамп бірінші коллекциядан шамамен 1 миллион доллар табыс тапты.

Осы жолы Трамп дизайнның негізгі кейіпкері ретінде қалып, бейсбол карталары форматында токендер шығарды. Олардың бірінде ол Вашингтон бейнесінде Дэвер өзенінен өтсе, екіншісінде Бостандық қоңырауын ұстап тұр, үшіншісінде Арыстанды қолға үйретеді.

Жинаққа барлығы 47 мың NFT кіреді, бұл бірінші топтамадан 2 мың токенге артық. "Карталардың" құны да өзгерген жоқ - 99 доллар. Трамп бағаны көтере алатынын айтып, бірақ жаман атты болғысы келмейтінін жеткізді.

47 және 100 токенді сатып алушылар бірегей бонус - Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында Трамппен бірге кешкі асқа бара алады. 

Трамптың бірінші топтамасындағы токендердің орташа бағасы 0,2 ETH (420 доллар) екенін ескерсек, екінші топтама жайлы хабар шыққалы бері оның бағасы екі есе төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу