Трамп АҚШ әскерінің Ирактан шығарылуын жеңіске балады

560

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.  

Трамп АҚШ әскерінің Ирактан шығарылуын жеңіске балады Фото: aljazeera.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирактан америкалық әскердің шығарылуын елдің "жеңісі" деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Америка дауысы" агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгін АҚШ-тың әскерилері Ирактан кетіп жатқанын қуана хабарлаймын. Кезінде қабылданған сәтсіз шешімдердің кесірінен тығырыққа тірелген едік, бірақ жақында мұның бәрі тарих қойнауына енеді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

АҚШ Ирактағы әскери операцияны 2003 жылы президент кіші Джордж Буш әкімшілігінің шешімімен бастаған еді. Америкалық әскер Ирактан 2011 жылы шығарылғанымен, 2014 жылы Барак Обаманың президенттігі тұсында бұл елге қайта оралды. Трамп Ирактағы әскери миссияның аяқталуын "Америка үшін ұлы күн" деп атады.

"Бұл – АҚШ үшін де, Ирак үшін де жеңіс", – деді Ақ үй басшысы.

Ирак үкіметі елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алып, АҚШ әскерінің шығарылуын құптады. 

"Менде екі таңдау болды: қалу немесе кету. Мен Американың үйге оралатын уақыты келді дегенге пайымға келдім. Біз халифатпен соғысуға келдік. Халифат енді жоқ. Біз елге қайтамыз!", – делінген жазбада.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ әскері Ирактан 23 жылдан соң кеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу