Трамп АҚШ-та дизель бағасын төмендетуге кірісті

207

АҚШ президенті Дональд Трамп дизель отынының бағасын төмендетуге бағытталған жарлыққа қол қойды.  

Трамп АҚШ-та дизель бағасын төмендетуге кірісті Фото: inbox.lv

Құжатқа сәйкес, салық салынбайтын, қызыл түспен белгіленген дизель отынын сатып алуға қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты NBC News-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін мұндай отын негізінен ауыл шаруашылығы техникасына және жолдан тыс көліктерге пайдаланылған.

Ақ үй басшысы көлік, ауыл шаруашылығы, қорғаныс және қаржы министрліктеріне салық салынбайтын дизельге қолжетімділікті кеңейтуді тапсырды.

Сондай-ақ штаттарды дизель отынына салынатын салықты алып тастауға шақырды. АҚШ-та дизель бағасы Ирандағы соғысқа байланысты күрт өскен.

Америкалық автомобиль қауымдастығының мәліметінше, 22 қыркүйекте отынның бір галлоны 6,52 долларға жетіп, тарихи максимум жаңарды. Ал 28 ақпаннан бері дизель бағасы 70%-дан астам қымбаттаған. Жанармай мен күнделікті тұтыну тауарлары бағасының өсуі алдағы аралық сайлау қарсаңында америкалықтарды алаңдатып отырған негізгі мәселелердің біріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу