Трамп Apple-ді Қытайдан кетуге шақырды

625

Трамптың айтуынша, соңғы айда Қытай шамамен екі миллион жұмыс орнынан айырылып қалған. Өйткені бірқатар компания өз өндірістерін америкалық санкциялар әсер етпейтін жерлерге ауыстырып жатқан көрінеді. 

Трамп Apple-ді Қытайдан кетуге шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Apple корпорациясын өндірісін Қытайдан көшіруге шақырды. Бұл туралы ол Румыния президенті Клаус Йоханниспен кездесуден кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Мен Apple сияқты америкалық компанияларға өте қысқа мерзім ішінде Қытайдағы өндірісін басқа жерге ауыстырмайынша, көмек көрсетемін. Олар Қытайдан кетуге тиіс", – деді Ақ Үй басшысы.

Трамп корпорацияларға көмектеспеген жағдайда, олар дауға қалушы еді дегенді айтты. 

Трамптың айтуынша, соңғы айда Қытай шамамен екі миллион жұмыс орнынан айырылып қалған. Өйткені бірқатар компания өз өндірістерін америкалық санкциялар әсер етпейтін жерлерге ауыстырып жатқан көрінеді. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Apple компаниясы бұған дейін АҚШ-та жасалып келген Mac Pro компьютерлерін Қытайда өндіретінін жариялаған болатын. Трамп корпорацияның бұл шешіміне қарсылық танытпады. Дегенмен Қытайдан әкелінген құрамдас бөліктерге баж салығы салынатынын басып айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу