Трамп елден қашқан Ауғанстан президентін "алаяқ"деп атады

901

Ашраф Ғани елден қомақты ақша алып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Трамп елден қашқан Ауғанстан президентін "алаяқ"деп атады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ауғанстанның президенті Ашраф Ғани қомақты қаржыны алып, елден қашып кетті деп мәлімдеді, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Newsmax TV арнасына сілтеме жасап.

Трамп Ғаниді "алаяқ" деп атады. Ол Ауғанстан президентінің көшбасшы еместігін және АҚШ-тың соңғы әскери күштері елден шыққанға дейін қашып кететінін бұрын айтқан болатын.

Бұған дейін Ғани оған қарсы қастандық жасалмақшы болды деп мәлім еткен еді. Ғанидің айтуынша, 15 тамызда ол әдеттегідей жұмыс істеп, Кабулдағы жағдайды бағалау үшін Қорғаныс министрлігіне барған. Алайда түстен кейін, күзетшілер оған қарсы дайындалып жатқан қастандық туралы хабардар еткен. Содан кейін ғана ол елден кету туралы шешім қабылдаған көрінеді.

Ғани қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде. Ол жақын арада республикаға ораламын деп отыр. Президент елден қомақты қаражат алып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу