Трамп Гонконгтегі демократия және адам құқығы туралы заңға қол қойды

866

Құжатқа сәйкес, Қытайдың бұл ауданында адам құқығын бұзғандарға санкция салынады. 

Трамп Гонконгтегі демократия және адам құқығы туралы заңға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл заңға қол қойғаны туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады.Құжат бойынша, америкалық әкімшілік Гонконгтағы ахуал туралы Конгресс алдында есеп беруі тиіс және осы арнайы әкімшілік ауданда адам құқығын бұзғандарға қарсы санкция енгізілетін болады. 

Қытай билігі қарап қалған жоқ. Бұған дейін ресми Бейжің Құрама Штаттарға қабылдаған осы заңға қатысты өз наразылығын білдірген болатын. 

Айта кететін жайт, сондай-ақ Трамп АҚШ-тан Гонконгқа полиция жабдықтарын экспорттауға тыйым салатын заңға қол қойды. Америкалық президенттің айтуынша, бұл шешімді ол Си Цзиньпин мен Гонконг тұрғындарын сыйлағандықтан қабылдап отыр. Ақ үй басшысы бұл заңдар Қытай мен Гонконг басшыларының келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеуіне көмектеседі деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу