Трамп Ирактағы әскери базаға барды

854

Айн аль-Асад әскери әуе базасы Бағдаттың батысында орналасқан.

Трамп Ирактағы әскери базаға барды

АҚШ президенті Дональд Трамп Бағдаттың батысында орналасқан Айн аль-Асад әскери әуе базасына жоспарланбаған іссапармен барды. Президент жанында бірінші ханым Мелания да бар, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл президенттік лауазымға тағайындалғалы бері және Сириядан әскерін шығаратынын мәлімдеген соң Трамптың қақтығыс ошағына жасаған алғашқы сапары. Базадағы әскерилермен әңгімелесу барысында Ақ үй басшысы Таяу Шығыстағы бұл елден америкалық әскердің кетпейтінін айтты.

Айта кетейік, Иракта үкіметке лаңкестермен күресуде бес мыңға жуық америкалық әскер көмектесіп келеді.

"Сириядағы жағдайды бақылауда ұстау үшін Иракты база ретінде қолдана аламыз. Егер "Ирак және Левант" лаңкестік ұйымы тарапынан Америкаға ұнамайтын қимылдар жасалса, Ирактағы әскерді жіберу арқылы америкалықтар жылдам әрі ауыр соққы жасайтын болады", – дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу