Трамп Ирандағы электр станциялары мен көпірлерге қайтадан соққы жасалатынын айтты

410

Бұл шабуылдардың болжамды күні аталды.

Трамп Ирандағы электр станциялары мен көпірлерге қайтадан соққы жасалатынын айтты Фото: Win McNamee/Getty Images/Getty Images

Егер Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды ашпаса, онда АҚШ елдің көпірлері мен электр станцияларын атқылауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылдар 7 сәуірге жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"Сейсенбі күні Иранда бір уақытта электр станциялары және көпірлер күні болады. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Ормуз бұғазын ашыңдар немесе тозақта өмір сүруге мәжбүр боласыңдар", – деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұл – Трамптың Тегеранға қойып отырған алғашқы талабы емес. Бұған дейін Ақ үй басшысы 4 сәуірдегі жазбасында Тегеранның алдағы 48 сағат ішінде Вашингтонмен бір бітімге келіп, Ормуз бұғазын бұғаттауын тоқтатуы тиіс делінген. Онда да Трамп қаһарына мінген болатын. 

22 наурызға қараған түні де АҚШ президенті Иранға 48 сағаттық ультиматум қойған. Ол кезде америкалық әскерилердің Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасайтыны айтылған. Кейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеп, талап қою мерзімін бірнеше рет шегерген болатын.

Бұл ретте Иран билігі 4 сәуір күні кешке Трамптың мәлімдемесін қатаң сынға алып, оны қабылдамайтынын білдірді. Олар қарымта жауап беруге дайын екендерін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу