Трамп көмекшілеріне мерекелік сыйлық ретінде 45 мың доллардан ақша таратты

220

Ақ үйдің қаржылық есебінде бұл төлемдер "мерекелік ақшалай сыйлық" ретінде көрсетілген.  

Трамп көмекшілеріне мерекелік сыйлық ретінде 45 мың доллардан ақша таратты Фото: focus.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі жақын үш көмекшісіне мерекелік сыйлық ретінде 45 мың доллардан, тағы бір қызметкеріне 20 мың доллар қолма-қол ақша берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ақша алғандардың қатарында Дональд Трамптың хатшысы Натали Харп, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин және Президент кеңсесі операциялары директорының орынбасары Чемберлен Харрис бар.

Операциялар жөніндегі тағы бір көмекші Уолт Наутаға 20 мың доллар берілген. Алайда сыйлықтар қоғамның назарын аударды.

Өйткені АҚШ заңнамасында федералды қызметкерлердің мемлекеттік жалақысынан бөлек сыйақы алуына шектеулер бар.

Ақ үй өкілі Дэвис Ингл сыйлықтардың заң мен этика талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамптың өз айналасындағы адамдарға мерекелік сыйлық беру дәстүрі бұрыннан бар және бұл төлемдер олардың мемлекеттік қызметіне байланысты емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу