Трамп көз тіккен арал тұрғындары АҚШ-тың азаматы болғысы келмейді

569

Бұл сауалнама нәтижесінен белгілі болды. 

Трамп көз тіккен арал тұрғындары АҚШ-тың азаматы болғысы келмейді Фото: Joe Raedle / Getty Images

Гренландия тұрғындарының басым көпшілігі АҚШ азаматтығын алуға қарсы. Бұл туралы Verian компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сілтеме жасаған Financial Times газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сауалнама деректеріне сәйкес, гренландиялықтардың 85%-ы америкалық атанғысы келмейді. Себебі олар Даниядағы өмір сүру деңгейі әлдеқайда жоғары деген пікірде. Аралдың халқы АҚШ-та қылмыс деңгейі жоғары әрі медициналық қызметтер қымбат екенін алға тартты.

Мақала авторларының болжамынша, АҚШ билігі Гренландияның 57 мың тұрғыны Америка құрамына қосылған жағдайда оларға елдің төлқұжаты мен 1 миллион доллардан ұсынуы мүмкін. Бұдан бөлек шетелдік БАҚ миллиардер Илон Маск әрбір гренландиялыққа Tesla автокөлігін сыйлауы ықтимал деген пікірді де айтып қалды. 

Бұған дейін Дональд Трамп Гренландияның АҚШ-қа қосылуы тиіс екенін бірнеше рет айтқан. 2025 жылдың мамырында NBC News арнасына берген сұхбатында бұл мәселені шешуде күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Трамптың Гренландияны сатып алу мүмкіндігін өз командасымен бірге белсенді талқылап жатқанын жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейін Дания әскері Гренландияны АҚШ-тан қызғыштай қорғауға дайын екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу