Трамп құжатқа қол қоюға дайын

818

Трамп құжатқа қол қоюға дайын

"Atlantic Council" сараптамалық орталығының қызметкері Фабрис Потье Twitter-дегі парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейден санкцияны алу туралы құжатқа қол қоюға дайын екендігін жазды, деп хабарлады rambler.ru.

"Трамптың әкімшілігі Ресейге қатысты санкцияны алу туралы президенттің бұйрығын дайындады, деп мәлім етті дереккөздер. Президенттің Меркельмен және Путинмен сөйлесуі сенбіге белгіленген", – деп жазды Потье.

Сондай-ақ  "Politico" басылымының қызметкері Сьюзен Глассер өзінің Twitter-дегі парақшасына Трамптың санкцияны біржақты ретпен алып тастайтынын көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу