Трамп Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды

735

Енді Шыңжаңдағы мұсылмандарды азаптағандар АҚШ-қа өте алмайды

Трамп Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды

Трамп Қытайға қарсы қысымды күшейтті. Ол ұйғырларға күн көрсетпегені үшін осы елге санкция салу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді Шыңжаңдағы мұсылмандарды азаптағандар АҚШ-қа өте алмайды. Олардың осы елдегі активтері бұғатталады.

Өткен жылы АҚШ ұйғырлардың құқын аяққа таптап, қысым көрсеткені үшін Қытайдың 28 ұйымын қара тізімге енгізген еді. Ол кезде шектеу экспорт және реэкспортқа қатысты болған. Сонымен қатар тасымалға рұқсат беруге тыйым салынған еді.

Мәселе Қытайдың батысын мекендеген мұсылмандарға қатысты. Олар халықаралық ұйымдарға қытайлар бізді арнайы лагерлерге қамап,  дінімізден, мәдениетіміз бен тілімізден бас тартуды талап етеді деп арызданған. Арасында біздің шыңжаңдық қандастарымыз да бар.

Фото: Carlos Barria/Reuters

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу