Трамп Қытаймен арадағы сауда келіссөздерін тоқтатты

519

15 тамызға белгіленген қос тарап өкілдерінің онлайн отырысының мерзімі шегерілді.

Трамп Қытаймен арадағы сауда келіссөздерін тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Бейжіңмен арадағы сауда келіссөздерін кейінге қалдырды. Ақ үй басшысы дәл қазіргі уақытта Қытаймен ешқандай ортақ іспен айналысқысы келмейтінін жеткізді. 

"Қытайдың біздің еліміз бен әлемге не істегенін ескеру керек, сондықтан мен қазір олармен ешқандай ортақ іспен айналысқым келмейді", – деді Трамп.

Бірақ та ол сауда келісімінің бірінші кезеңінен шығу мүмкіндігін жоққа шығармады. 
15 тамызға белгіленген АҚШ пен Қытай өкілдерінің видео конференциясы белгісіз мерзімге шегерілді.

Еске сала кетсек, қаңтар айында қол қойылған құжат бойынша Қытай тарапы құны 165 млрд доллар тұратын америкалық өнеркәсіптік тауарлар, энергия тасымалдаушылар мен ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алып, 35 млрд долларды қызмет көрсету секторына шығындауға тиіс еді. Осылайша Вашингтон сауда тапшылығын жоюды көздеп отыр. Сонымен қатар Бейжің өз нарығына кіру жағын жеңілдетуге уәде берді. Бірақ америкалық баспасөз құралдарының хабарлауынша, Қытай іс жүзінде өз міндеттемелерін орындамаған.

Табиғат Нұрболат

Фото: startribune.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу