Трамп: Қытаймен келісімге келетін күн жақын

713

"Менің ойымша, бәрін реттеу Сидің қолынан келеді",– дейді ол.

Трамп: Қытаймен келісімге келетін күн жақын

АҚШ пен Қытай сауда келісімін жасайтын уақыт таяп келеді. Трамп келіссөз өте жақсы жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Негізі Ақ үй жетекшісі мен Си Цзиньпин осы айда Чилиде кездесу керек еді. Алайда сауда делегациялары тіл табыса алмай, басқосу кейінге қалды.

Тараптар келісімге қол қойса да, протекционизмнің кесірінен келесі жылы жаһандық жалпы ішкі өнім 700 млрд долларға кем болады. Бұл дүниежүзілік ішкі өнімнің 1 пайызға жуығын құрайтын сома. Егер Қытай мен АҚШ сауда келісіміне қол қоймаса, 15 желтоқсаннан бастап Қытайдың жалпы құны 160 млрд доллар болатын импортының тарифы тағы 15 пайызға өседі. Бұл – саяси науқанға дайындалып жатқан америкалық билік үшін абырой әперпейтіні анық.

"Енді... өздеріңіз білесіздер... менің Симен қарым-қатынасым жақсы. Өте маңызды, сауда саласында ешқашан болмаған келісімге қол қойғалы жатырмыз. Бәрі дұрыс болып жатыр. Дегенмен, біз Гонконгте де жағдай жақсы болғанын қалаймыз. Менің ойымша, бәрін реттеу Сидің қолынан келеді",– дейді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу