Трамп Лукашенкоға алғыс жаудырды

214

Ақ үй басшысы беларусьтік әріптесімен кездесуге ниетті екенін жасырмады. 

Трамп Лукашенкоға алғыс жаудырды Фото: slovoidilo.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға сотталған 250 адамға кешірім бергені үшін алғыс білдірді. Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп Минскіде өзінің арнайы өкілі Джон Коул мен Лукашенко арасында өткен келіссөздерді еске алды. Оның сөзінше, америкалық тарап бұл келіссөздер барысында жазасын өтеп жатқандарға кешірім жасауға қол жеткізген.

"Өткен жылдың мамыр айынан бері президент Лукашенконың рақымшылық жасап босатқан тұтқындар саны 500-ден асып отыр. Осы үшін президентке шынайы алғысымды білдіргім келеді", – делінген жазбада.

Ақ үй басшысы Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында Беларусь  президентімен кездесуді "тағатсыздана күтетінін" жеткізді.

Бейбітшілік кеңесі осы жылдың басында құрылған болатын. Ұйым Газадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуі тиіс. Қаңтар айының соңында оған Беларусь те қосылған. Ақпанда өткен алғашқы отырысқа Минск қатыспады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу