Трамп өз жақтастарынан қолдау таба алмай отыр

683

Трамп өз жақтастарынан қолдау таба алмай отыр

АҚШ билігі денсаулық сақтау саласындағы "Обамакер" бағдарламасынан бас тартатын болса, 32 миллион адам медициналық сақтандырусыз қалады, деп хабарлайды 24. kz7

Бірақ Конгресс бюджеттік басқармасының хабарлауынша, билік оған қол жеткізіп жатса, бюджет тапшылығы 473 миллиард долларға азаяды. Алайда президент Трамп өз жақтастарынан қолдау таба алмай отыр. Өйткені республикалық көпшілік дауысқа ие сенат екі рет қарсы шықты. Ұсыныс келесі аптада тағы талқыланады.

Айта кетейік, "Обамакер" бағдарламасы 2010 жылы президент Барак Обама билік басында болған кезде қабылданған. Мақсат – міндетті медициналық сақтандыру есебінен тұрмысы төмен азаматтардың дәрігерлік қызмет алуына мүмкіндік жасау. Алайда Дональд Трамп реформаның бюджетке көп салмақ түсіріп отырғанын алға тартып, оны ауыстыруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу