Трамп өзі тақтан тайдырғысы келген президентпен келіссөз жүргізуі мүмкін
АҚШ президенті Венесуэла басшысы Николас Мадуромен татуласуы ықтимал.
Фото:
РБК
>Бұған дейін "Ақ үйде Венесуэла президентін тақтан тайдырудың 3 нұсқасы дайын тұр" деп
жариялаған едік, деп хабарлайды
inbusiness.kz сайты.
– Бәлкім, Мадуромен белгілі бір келіссөздер жүргізерміз, нәтижесін көрерміз. Олар сөйлескісі келеді, – деп нақтылады Трамп.
Осыған дейін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметі соққы жасау тобының Кариб теңізіне кіргенін хабарлады. Сонымен қатар, АҚШ Венесуэланың "Лос Солес" есірткі картелін шетелдік террористік ұйымдардың тізіміне енгізді. АҚШ Мемлекеттік департаменті шешім 24 қарашада күшіне енетінін қоса кетті.
– АҚШ ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау және наркотеррористердің қаржылануын тоқтату үшін барлық мүмкін құралды қолдануды жалғастырады, – делінген мәлімдемеде.
Тамыз айында The New York Times Трамп Пентагонға латиноамерикалық есірткі картельдеріне қарсы әскери күш қолдануға құпия қол қойғанын жазды. Сол уақытта АҚШ Венесуэла жағалауына 4,5 мың әскери қызметкері бар 7 кемені аттандырған. Ал қыркүйектен бері АҚШ Венесуэланың бірнеше теңіз көлігіне зымыран соққысын жасады.
Politico басылымы Вашингтонда Мадуроға қатысты ықтимал шешімдер талқыланып жатқанын растап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу