Трамп пен Путиннің келіссөзі: Ресей дизель отыны тиелген алғашқы танкер АҚШ-қа қарай бет алды

373

Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Трамп пен Путиннің келіссөзі: Ресей дизель отыны тиелген алғашқы танкер АҚШ-қа қарай бет алды Фото: clashreport.com

Агенттіктің LSEG деректеріне сүйеніп хабарлауынша, Мальта туымен жүзетін Agioi Fanende танкері Ресейде өндірілген 40 мың тонна дизель отынын Нью-Йоркке жеткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дизель отыны 22 қазанда Ленинград облысындағы Приморск портында тиелген. Кеме АҚШ-қа 7 қарашада жетеді деп күтіліп отыр. Бұл – бұрынғы президент Джо Байден 2022 жылы ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін АҚШ-қа импорттауға тыйым салғаннан бергі әкелінетін алғашқы жүк болмақ.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак ресейлік және америкалық компаниялар жеткізу келісімшарттарын пысықтап жатқандықтан, алдағы уақытта тағы да осындай жүктер жеткізілетінін мәлімдеді.

АҚШ Ресей дизель отынын экспорттауға қойылған шектеуді алып, әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ-қа жеткізуді бастауға келіскен. Вашингтон да Ресей дизель отынына қатысты санкциялардың қолданысын уақытша тоқтатқан. Мұндай шешім 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы "өте сәтті" сөйлескенін жариялаған соң белгілі болды. Оның айтуынша, екі көшбасшы Ресей дизель отынын АҚШ пен әлемдік нарыққа жеткізу мәселесін келіскен.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл шешімді Путинге жасалған әділетсіз сый деп бағалап, Киев пен Вашингтон арасындағы келіспеушілік күшейгенін мәлімдеді.

Трамп пен Путиннің дизель туралы келісіміне cенаторлар да қарсылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу