Трамп Ресейге сес көрсетті: 50 күнде келісім болмаса, жағдай қиын

422

АҚШ Ресейге қарсы жаңа экономикалық қысым жасауға дайын, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Трамп Ресейге сес көрсетті: 50 күнде келісім болмаса, жағдай қиын Фото: foreignpolicy.com

Ақ үй басшысы егер алдағы 50 күн ішінде Украина мәселесіне байланысты Вашингтон мен Мәскеу ортақ мәмілеге келе алмаса, Ресей мен оның сауда серіктеріне 100 пайыз баж салығы енгізілетінін айтты.

Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде мәлімдеді.

"Біз Ресей тарапына өте-өте ренжуліміз. Егер 50 күннің ішінде келісімге қол жеткізілмесе, 100 пайыздық өте қатаң баж салығын енгіземіз. Бұл – қосалқы санкциялар деуге де болады", – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол 2 ай бұрын келісімге келеміз деп үміттенгенін, алайда жағдайдың сол күйі шешілмегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу