Трамп Ресеймен ірі мұнай келісімін талқылап жатыр

348

Бұл туралы The New York Times хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамп Ресеймен ірі мұнай келісімін талқылап жатыр Фото: dp.ru

АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Ресеймен Украина мәселесі бойынша келіссөздері барысында "Лукойлдың" шетелдегі активтерін сату туралы ұсыныс та талқыланған. 

Басылымның мәліметінше, бұл ұсынысты Ресей Президенті Владимир Путин қыркүйекте Кремльде өткен кездесуде АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерге айтқан.

Әңгіме "Лукойлға" тиесілі шетелдегі мұнай кен орындары, мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай құю станцияларын сатуға қатысты. Бұл активтердің құны шамамен 20 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Алайда әзірге ешқандай нақты келісім жасалған жоқ. Мәміле жүзеге асуы үшін АҚШ пен Ресей билігінің мақұлдауы қажет.

Ықтимал сатып алушылардың қатарында америкалық миллиардер Тодд Боэли де бар. Ол бұған дейін Дональд Трамппен байланысты ұйымдарға 2 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасаған.

Мәмілеге Таяу Шығыстағы бірқатар кәсіпкерлер мен Абу-Дабидегі инвестициялық қорлардың бірі де қатысуы мүмкін. Олардың арасында Джаред Кушнер мен Стив Уиткоффтың отбасыларымен іскерлік байланысы бар тұлғалар бар.

Сонымен қатар, Уиткофф пен Кушнердің бұл мәміледен жеке пайда табатынын дәлелдейтін нақты ақпарат жоқ, деп жазады The New York Times.

Ресей үшін бұл мәміле америкалық компаниялармен экономикалық байланыстарды қайта бастауға мүмкіндік болуы мүмкін. Ал АҚШ тарапы үшін мұнай бағасын төмендету және Ресеймен экономикалық қарым-қатынасты қалпына келтіру ықтимал пайда ретінде қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу