Трамп Солтүстік Корея президентімен кездесуге келісімін берді

1134

Трамп Солтүстік Корея президентімен кездесуге келісімін берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге келісті.

Бұл ақпаратты Рейтер агенттігі жариялады. Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерстің айтуынша, қос президенттің нақты қай уақытта және қай жерде кездесетіні кейін белгіленеді және Корей Халық Демократиялық Республикасына жарияланған санкциялар әзірге сол күйінде қалмақ.

Бұған дейін Оңтүстік Корея президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чон Ый Ён Вашингтон қаласында журналистерге берген сұхбатында Ким Чен Ынның Трамппен жүздесуге, сондай-ақ ядролық қарудан бас тартуға дайын екендігін айтқан болатын. Ал Дональд Трамп болса, кездесуді мамыр айына дейін өткізуге келісімін берді.

"Ким Чен Ын алдағы уақытта ядролық және зымыран сынақтарынан бас тартуға уәде берді. Оңтүстік Корея мен Құрама Штаттар бірлесе жүргізетін әскери жаттығулардың жалғаса беруі керектігін түсінеді. Және ол президент Трамппен мүмкіндігінше тезірек кездесуге ниетті", – деді Оңтүстік Корея президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чон Ый Ён.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу